Облыс әкімдіктеріне байқауға өңірден үш ауылды ұсынуға мүмкіндік берілді
Kazakh Tourism «Үздік туристік ауыл – 2025» ұлттық байқауын қорытындылады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жоба бірегей табиғи ландшафттары бар, дәстүрлер мен қолөнерді сақтаған ауылдық аумақтарды анықтауға және ілгерілетуге бағытталған.
Облыс әкімдіктеріне байқауға өңірден үш ауылды ұсынуға мүмкіндік берілді. Қатысушыларды іріктеу кезінде табиғи және мәдени ресурстарға, елді мекендердегі дәстүрлі қызмет түрлерінің сақталуына ерекше көңіл бөлінді.
Байқау қорытындысы бойынша Қазақстанның үздік 5 туристік ауылы анықталды:
Ұлттық кезеңнің жеңімпаздары БҰҰ Дүниежүзілік туристік ұйымы (UNWTO) өткізетін UN Tourism Best Tourism Village байқауында Қазақстанды таныстырады.
Атап өткен жөн, 2023 жылы Алматы облысының Саты ауылы халықаралық деңгейде ең үздік туристік ауыл ретінде танылып, беделді UNWTO сыйлығымен марапатталды.
Оқи отырыңыз: Димаш Құдайберген жаңа әнінің премьерасын жариялады