Аталған нысан өңірде айтарлықтай маңызға ие
"Кеңгір" су қоймасы мемлекет меншігіне қайтарылды. Мұндай шешімді Ұлытау облысының прокуратурасы қабылдаған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Аталған нысан өңірде айтарлықтай маңызға ие. Өйткені судан бөлек, энергетика мен ауыл шаруашылығында да рөл атқарады.
Еске сала кетейін, бұрын су қоймасының гидротехникалық құрылыстары "Kazakhmys Distribution" компаниясының балансында болған. Алайда прокурорлар стратегиялық нысан мемлекеттік меншікте қалуы тиі дейді. Бұл өз кезегінде өңірдегі су ресурстарын тиімді басқаруға мүмкіндік бермек.
"Прокуратура облысының актісі бойынша Кеңгір су қоймасының гидротехникалық құрылыстары мемлекетке қайтарылды. Мүлікті қайтару үшін облыс прокуратурасы Су ресурстары және ирригация министрінің атына ұсыныс енгізді. Прокурорлық қадағалау актісін орындау мақсатында сыйға тарту шарты жасалып, объектіні беру актісіне қол қойылды. Енді уәкілетті органдар оларды жаңғырту жөнінде одан ары шаралар қабылдау мақсатында су қоймасы мен оның гидротехникалық құрылыстарына көпфакторлы зерттеу жұмыстарын жүргізу қажет", - деді Қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасы бастығының орынбасары Мұхтар Ендіберген.
Оқи отырыңыз: "Биыл да су тасқыны қаупі жоғары": СҚО-да тұрғындар дабыл қақты