Хасан Қасымбаевтың ісі сотқа жолданды

Almaty.tv
Almaty.tv

Ол 2024 жылдың қарашада ұсталып, қамауға алынған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы облысында «Хуторский» қылмыстық тобының басшысы ретінде танылған Хасан Қасымбаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Тергеу органдары жинақталған материалдарды сотқа жолдады. Қосымша ақпарат алу мақсатында редакция Алматы облыстық сотының баспасөз қызметіне жүгінді.

Хасан Қасымбаев 2024 жылдың қарашада ұсталып, қамауға алынған болатын. Тергеу барысында оған ҚР Қылмыстық кодексінің 125-бап – адам ұрлау, 194-бап – бопсалау, 107 – Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру баптары бойынша айып тағылды.

Аталған айыптар бойынша материалдар толықтырылып, іс сот қарауына берілді.

Тергеу барысында белгілі болғандай, Хасан Қасымбаевтың туған ағасы Аслан Қасымбаев оқиға кезінде Талғар ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарған. Қоғам назарын аудартқан бұл жағдайдан кейін Аслан Қасымбаев қызметінен кеткен.

Айта кетейік, марқұм Шерзат Полаттың қаза тапқан төбелес кезінде қатысқан жігіттер өздерін «хуторский» деп таныстырған болатын. Дегенмен Алматы облысының полиция департаменті Талғар ауданында «Хуторский» атты ресми тіркелген қылмыстық топ жоқ екенін мәлімдеген.

Дереккөз: Qaz365.kz.

Еске салайық, Қаржаубай Нұрымов ұлының көлікте жан тапсырғанын айтты

Қаржаубай Нұрымов оқиғаның қалай басталғанын айтты

Шерзаттың анасы оқиғанын қалай болғанын айтты 

Судья отырысты Талдықорғаннан Алматыға көшіруден бас тартты

Нұрқанат Ғайыпбаевтың жанжал барысында қандай жарақат алғаны айтылды.

Шерзаттың әпкесі айыптау актісімен келіспейді

Новости партнеров