Кітап – асыл қазына: Алматыда әдеби-танымдық байқау өтті

Сайысқа мектеп оқушылары мен жоғары оқу орындарының студенттері қатысып, бақ сынады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда «Кітап – асыл қазына» деп аталатын әдеби-танымдық байқау өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жоба қазақ әдебиетінің негізін қалаған ұлы қазақ жазушылары, артында өшпес мұра қалдырған ірі тұлғалардың мерейтойларына орай ұйымдастырылған. Сайысқа мектеп оқушылары мен жоғары оқу орындарының студенттері қатысып, бақ сынады. Ұйымдастырушылар кітап оқу мәдениетін қалыптастырып, өскелең ұрпақ арасында ұлы тұлғалардың шығармалары мен өмір жолын насихаттауды мақсат тұтқан.

 «Бұл – интеллектуалды сайыс қана емес, білім көкжиегін кеңейтетін жарыстың бірі. Іс-шаралар жыл сайын жалғасын тауып, қайталанып отырса деген тілегіміз бар», – деді философия ғылымдарының докторы Майра Мәлік.

 «Байқауда қазақтың алыптарын, ақын-жазушыларының шығармашылығымен таныстық. Бұл – тек сайыс емес, таным мен тағылымның тоғыстан жері», – деді оқушы Гүлшат Көптілеуова.

Оқи отырыңыз: Өмірін өнермен өрнектеген актер: Балтабай Сейітмамытұлы 75 жасқа толды

Новости партнеров