Шымкентте есірткі зертханасы жойылды - ҰҚК

пресс-служба КНБ РК
пресс-служба КНБ РК

Сот санкциясымен күдікті азамат қамауға алынды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шымкент қаласы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен есірткі зертханасын жойды, деп хабарлайды Аlmaty.tv ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Психотроптық заттарды дайындау барысында Қазақстан азаматы ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды. Тінту барысында 7 килограммнан аса «альфа-PVP» есірткі құралы, 500 литр прекурсорлар мен зертханалық жабдықтар тәркіленген", - делінген хабарламада.

Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Оқи отырыңыз: Таразда әйелінің сіңлісін зорлады деген ер адам ақыры қамауға алынды

Новости партнеров