Көкшетауда 5 жасар бала алтыншы қабаттан құлап кетті

Jeff Hendricks/unsplash.com/
Jeff Hendricks/unsplash.com/

Ауыр жарақаттарының салдарынан бала оқиға орнында қайтыс болды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қайғылы оқиға 10 сәуір күні кешке Көкшетау қаласының Сарыарқа шағын ауданында болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Rýhy агенттігіне сілтеме жасап.

Бес жасар бала терезе алдында ойнап отырған. Алдын ала болжам бойынша масадан қорғайтын торға сүйенемін деп алтыншы қабаттан құлап кеткен болуы мүмкін.

«Алған ауыр жарақаттарының салдарынан бала оқиға орнында қайтыс болды», - деп хабарлады Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі агенттікке берген түсініктемесінде.

Полиция қайғылы оқиғаның барлық жағдайын анықтап жатыр.

Оқи отырыңыз: Қытай Голливуд фильмдерін импорттауға шектеу қойды

Новости партнеров