2025 жылғы 11 ақпан сағат 19:00-да ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар автожолдың 2 учаскесінде 19:00 бастап жол жабылады, деп хабарлайды Almaty.tv.
ШҚО:
- "Алматы - Өскемен-Шемонаиха - РФ шекарасы" автожолының 1013 - 1048 шақырым аралығындағы учаскесі (Абай облысының шекарасы-Ұлан ауылына бұрылыс)
Абай облысы
- Алматы–Талдықорған–Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы" автожолының 971-1013 шақырым учаскесінде (Қалбатау ауылы-ШҚО шекарасына дейін).
- "Алматы - Өскемен-Шемонаиха - РФ шекарасы" автожолының 1013 - 1048 (Абай облысының шекарасы-Ұлан ауылына бұрылыс)
ТЖМ қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді:
- Дауылды ескерту жариялаған кезде, әсіресе қараңғы уақытта алыс жерлерге сапарға шығудан бас тартып, жаяу жүруден аулақ болыңыздар.
- Ауа райы жағдайы мен автожолдардағы көлік қозғалысының шектеулері туралы ақпаратты бақылаңыздар
Оқи отырыңыз: Алматыда 10-16 ақпан аралығында ауа райы қандай болады