Қолайсыз ауа райы: елімізде 2 өңірде көлік қозғалысы шектелді

Almaty.tv
Almaty.tv

Жол учаскелерін 2025 жылғы 24 ақпанда сағат 20:00-де ашу жоспарланған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

24 ақпан күні сағат 12:30-да ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше республикалық маңызы бар автожолдарда жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қостанай облысы:

  • «Қостанай - Әулиекөл - Сұрған» автожолының 8-232 шақырым аралығы (Тобыл қаласы - Ақмола облысының шекарасы).

Ақмола облысы:

  • «Қостанай – Әулиекөл – Сұрған» автожолының 232-260 шақырым аралығы (Қостанай облысының шекарасы – Сұрған ауылы);
  • «Жақсы – Есіл – Бұзылық» автожолының 71-82 шақырым аралығы (Ақсау ауылы – Бұзылық ауылы);
  • «Жезқазған – Петропавл» автожолының 536-553 шақырым аралығы (Бұзылық ауылы – Сұрған ауылы).

«ҚазАвтожолдың» баспасөз қызметі мәлімдеуінше, жол учаскелерін 2025 жылғы 24 ақпанда сағат 20:00-де ашу жоспарланған.

Оқи отырыңыз: Қызылордада тәртіп сақшылары түнгі клубтағы заңсыз сақталған заттарды анықтады

Новости партнеров