Қолқаның шарбылануы: Алматыда науқасқа бір кезеңде бірегей гибридті ота жасалды

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы
Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы

Алматы Кардиоорталығы - еліміздегі озық технологияны қолданатын медициналық мекеменің бірі

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы кардиоорталығында төмендеме қолқа шарбылануын емдеу бойынша сирек әрі күрделі гибридті ота сәтті орындалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Бұрын мұндай жағдайда алдымен тамырлы хирургия, содан кейін стент-графт имплантациясынан тұратын дәстүрлі екі сатылы араласу қажет болатын.

Заманауи технология мен Алматы қалалық кардиоорталығындағы дәрігерлердің жоғары біліктігінің арқасында бұл ота бір кезеңде жүргізіліп, бар тәуекелді барынша азайтты.

Кешкі сағат 21.30-да қалалық Кардиоорталыққа жедел жәрдеммен кеуде аймағындағы кенет күйіп-жану ауру сезімімен, дәрі-дәрмекпен бақыланбайтын ауыр әлсіздікпен, қысымы 220/100 мм.сын.бағ., пульсі 120-дан жоғары, жағдайы ауыр науқас түсті. Анамнезінен - науқас 10 жылдан астам уақыт гипертониялық жүрек ауруын тұрақты емдеген.
Науқасты ҚКО қабылдау бөлімінде қарау кезінде төмендеме қолқаның жіті шарбылануы диагнозы қойылды. Жағдай қауіпті болды, қолқаның жарылуы, шарбыланудың висцералды артерияларға таралуы (бүйрек, ішек), органдар ишемиясы қаупі жоғары болды. Науқастың ауырлығын, өмірге қауіп төндіретін жағдайды ескере отырып, кардиохирургтар мен эндоваскулярлық мамандар бірігіп, гибридті ота жасау туралы шешім қабылдады.
Бұл тәсіл араласу уақытын, оталық тәуекелді азайтуға және пациенттің кейінгі қалпына келуін жеделдетуге мүмкіндік береді. Қан тамырлары хирургтары, интервентологтар мен кардиохирургтер, анестезиологтар мен реаниматологтар қатысқан ота 5 сағаттан астам уақытқа созылып, таңғы сағат 4-те сәтті аяқталды.

Кардиорталық мамандары командасының үйлесімді жұмысының және Алматы Кардиоорталығы қазіргі заманғы техникалық мүмкіндігінің арқасында пациент 4 күннен кейін қалпына келіп, үйге шығуға дайындалып жатыр.
Алматы Кардиоорталығы - еліміздегі озық технологияны қолданатын медициналық мекеменің бірі.

Оқи отырыңыз: Түркістан облысында мыңнан астам адамды кене шақты

Новости партнеров