Ақбас тырна – Қазақстанның Қызыл кітабына енген, ерекше қорғауға алынған құс түрі
"Көлсай көлдері" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында ақбас тырнас байқалды, деп хабарлайды Almaty.tv.
"Көлсай көлдері" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында сирек кездесетін жыл құсы – ақбас тырна (лат. Grus virgo) тіркелді. Бұл құсты парк инспекторы М. Доғаев байқап, тіркеуге алды", - делінген хабарламада.
Ақбас тырна – Қазақстанның Қызыл кітабына енген, ерекше қорғауға алынған құс түрі. Соңғы жылдары бұл түрдің саны қалпына келе бастағаны байқалады. Басқа тырна тұқымдастарына қарағанда, оның денесі кішілеу болып келеді. Олар 3 000 метрге дейінгі биіктікте орналасқан, маңайында өзен-көлі бар таулы аймақтарды мекендейді.
Жыл сайын қыркүйек-қазанда бұл құстар жылы жаққа қоныс аударады, ал наурыз-сәуірде қайтып келеді.
Оқи отырыңыз: Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді