Қостанай облысында блогер 15 млн теңге бопсалады деген күдікпен ұсталды

Видеодан кадр
Видеодан кадр

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қостанай облысы Қарабалық қалашығында бопсалаушы блогер ұсталды. Ол қылмыстық іс бойынша күдікті деп танылды, деп хабарлайды Almaty.tv ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде айыптаушы материалды жариялаймын деген бопсалау мен қорқытуды қолдана отырып, ол кәсіпкерден аса ірі мөлшерде ақша қаражатын бопсалаған.

"Өткізілген жедел іс-шаралар барысында прокуратурамен бірлесіп блогер Қарабалық ауданы полиция бөлімінің қызметкерлерімен ұсталды. Тінту барысында одан 15 миллион теңге тәркіленді", - делінген хабарламада.

Бопсалау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Оқи отырыңыз: Адам бопсалап, тонап, қару сақтаған: Қарағанды облысында қылмыстық топ ұсталды

Новости партнеров