Қостанай облысында қар құрсауында қалған жүзге жуық адам құтқарылды

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Құтқарылғандар арасында 18 бала бар

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қостанай облысында 100-ге жуық адам құтқарылды, деп хабарлайды Almaty.tv ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бүгін түнде Амангелді ауданында Амантоғай ауылынан 22 шақырым жерде Әулиекөл – Жалдама автожолының жабық учаскесінде ТЖМ күштері 98 адамды, оның ішінде 18 баланы құтқарды», - делінген ведомство хабарламасында.

Құтқарылған 7 адам, оның ішінде 6 бала Амантоғай ауылының жылыту пунктіне жеткізілді. Сондай-ақ қар құрсауынан 8 жеңіл автомобиль жолдың тазартылған учаскесіне сүйретілді.

Сарыкөл ауданында Соналы ауылынан 5 шақырым жерде «Сарыкөл-Комсомольское» автожолында ТЖМ күштері қар құрсауынан автожолдың тазартылған учаскесіне 2 адам мінген  жеңіл автокөлікті сүйреп шығарды.

Медициналық көмекке ешкім де мұқтаж болған жоқ.

Оқи отырыңыз: Алматыда құтқарушылар өрт кезінде 8 адамды құтқарды

Новости партнеров