Қостанай облысында қар құрсауында қалғандар құтқарылды

15.02.2025 15:54

Олар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Арқалық-Жезқазған автожолында 3 адам мінген көлік қарға батып қалған, деп хабарлайды Аlmaty.tv ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ құтқарушылары оларға жетіп, көліктерді қардан жолдың тазартылған жеріне сүйреп шығарды. Олар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.

"ТЖМ ауа райы туралы ескертуге назар аударуды және ауа райы нашарлаған жағдайда елді мекеннен тысқары шығудан аулақ болуды ұсынады!" - делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Сотталғандарды азаптау ісі: прокуратура алқабилер шешіміне шағым түсірді