Толық ақпарат testcenter.kz сайтында «Азаматтық алуға үміткерлерге» бөлімінде қолжетімді
ҚР азаматтығын алуға үміткерлер үшін тестілеуге өтініштерді қабылдау 3-13 наурыз аралығында өтеді. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығы мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында немесе UTO қосымшасы арқылы жүргізіледі.
Тестілеудің өзі 15 наурызда өтеді.
"Тестілеу 3 бөлімнен тұрады: тілдік білімді бағалау жүйесінің қарапайым деңгейі бойынша қазақ тілін білуін анықтауға арналған тест (қазақ тілінде) – 60 тапсырма, шекті балл – 36; Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздері бойынша тест (қазақ немесе орыс тілінде) – 15 тапсырма, шекті балл – 9; Қазақстан тарихы бойынша тест (қазақ немесе орыс тілінде) – 25 тапсырма, шекті балл – 15. Ең жоғары балл – 100, шекті балл – 60. Тестілеу уақыты – 2 сағат 10 минут. Мүмкіндігі шектеулі (мүгедектігі бар) тұлғаларға тестілеу тапсыру үшін қосымша 30 минут беріледі", - делінген Ұлттық тестілеу орталығы хабарламасында.
Толық ақпарат testcenter.kz сайтында «Азаматтық алуға үміткерлерге» бөлімінде қолжетімді. Сондай-ақ сайтта тегін байқау сынағы ұсынылған.
Оқи отырыңыз: Министрлік Қазақстанда қандай дәрігерлердің жетіспейтіні атады