Елімізде терроризм туралы жалған ақпарат таратқан қанша бала ұсталды

Былтыр жалған хабарлама бергендерге қатысты 247 қылмыстық іс тіркелген

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде 15 бала терроризм туралы жалған ақпарат таратқаны үшін ұсталған, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, осы факті бойынша 48 күдікті қолға түсіп, 13 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Оның ішінде бір жасөспірім бар екен.

Айта кетейік, былтыр ел бойынша әртүрлі нысандарда «жарылғыш заттар қойылды» деп жалған хабарлама бергендерге қатысты 247 қылмыстық іс тіркелген.

"Егер жалған хабарламаларды жіберуші қылмыстық жауапкершілік жасына жетпеген жағдайда, оның ата-анасы балаларды тәрбиелеу шараларын қабылдамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Өткен жылы мұндай шаралар 6 ересек адамға қолданылды. Сонымен қатар терроризм актісіне дайындық туралы көрінеу жалған хабарлама бергені үшін 5 мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл, сондай-ақ 5 жылға дейін бостандықты шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған", - деді ҚР ІІМ департаменті басқармасы бастығының орынбасары Алмас Талқанбаев.

Оқи отырыңыз: Атырауда құрылыс алаңында жұмысшы қаза тапты

Новости партнеров