Былтыр 271 дерек тіркелген
Елімізде құқық қорғау қызметкерлеріне қарсылық көрсетіп, оларға бағынбау фактілері жиілеген, деп хабарлайды Almaty.tv.
Былтыр 271 дерек тіркелген. Оның басым бөлігі масаң күйде жасалған әрекеттер. Осылайша заңға бағынбаған 225 адам темір торға қамалған. Бұл ретте Ішкі істер министрлігі азаматтарға ескерту жасап, тәртіпті сақтамайтындарға әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көзделетінін мәлімдеді.
"Кез келген заң бұзушылықтың соңы жауапкершілікке әкеледі. Бұл ретте Өзіндік қауіпсіздік департаменті Ішкі істер органдары қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығын қорғау бойынша барлық шараларды қабылдауда. Азаматтарды заңды сақтауға, билік өкілдеріне бағынбау және оларды қорлау фактілеріне жол бермеуге шақырамыз"– деді ҚР ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаменті бастығының орынбасары Алтынбек Шүйіншалиев.
Оқи отырыңыз: Мопедті қалай тіркеуге болады