Құрылтай: әлеуметтік салада қандай жобаларға бөлінетін қаржы азаяды

14.03.2025 21:59

Салық мәселесі, жат діни ағымдардың жастар арасындағы ықпалы, балалар қауіпсіздігінің кешенді жоспарын әзірлеу, ономастика саласын қайта қолға алу. Бүгін Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы сында бірталай өзекті мәселелерге тоқталды. Одан бөлек, бюджет қаржысының жартысынан көбі әлеуметтік салаға жұмсалатынына тоқталды. Алқалы жиында талқыланған басқа да тақырыптар төңірегіндегі сұрақтарға «Алматы» телеарнасының студия қонағы әлеуметтанушы Серікболсын Сарыбаев жауап береді.

Толығырақ бейнематериалдан көре аласыздар.