Мемлекет отандық өнімдерге де басымдық беруді көздеп отыр
Биылдан бастап күріш өсірушілер тұтынған су мен тыңайтқышқа берілетін субсидияның жартысын мемлекет тікелей су шаруашылығы мекемелері мен зауыттарға төлейді. Мамандардың айтуынша, бұл - шаруаларға едәуір жеңілдік, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
Мәселен, бұрын шаруалар су мен тыңайтқыштың тиісті төлемін толықтай өтеп барып, өз кәделеріне жарататын. Ал жаңа өзгеріс бойынша олар бекітілген мөлшердің сомасын төлеп, суды тұтына алады. Қалған мәселе мемлекет пен өндірушілердің арасында өзара шешілмек.
Тағы бір ескерер жайт, мемлекет отандық өнімдерге де басымдық беруді көздеп отыр.
"Бұрынғы жылдары судың жеткізу құнының 50 пайызын мемлекет субсидиялайды. Оны бірақ шаруалардың өзіне төлейтін. Шаруа су шаруашылығына толық 100 пайызын төлегеннен кейін барып, қазіргі ереже бойынша 50 пайызын төлейді. Қалған 50 пайызын су шаруашылығына тікелей мемлекет төлеп береді", - деді Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев.
Оқи отырыңыз: Сегіз жолақ, жаяулар өткелі мен автобустар: Алматы мен облысты жалғайтын жолда не өзгермек