ішкентай табиғат жанашырлары тұрғындарды ортақ іске жұмылуға шақырып отыр
Қызылорда облысының Арал ауданында бір мезетте 10 мың оқушы сенбілікке шығып, «Таза Қазақстан» акциясына үлес қосты, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Туған жерді түлетіп, қоршаған ортаны таза ұстау - ортақ міндет» деп білетін жас буын көпшілікпен бірге тазалық жұмыстарына атсалысты. Игі іске аудандағы түрлі мекеме қызметкерлері де жұмылдырылды. Сенбілік аясында скверлер мен парктер, ескерткіштер маңы тазартылып, әктеп-сырлау жұмыстары жүргізілді. Күл-қоқыс пен тұрмыстық қалдық жиналып, арнайы техниканың көмегімен қала сыртына шығарылды. Кішкентай табиғат жанашырлары осы іс арқылы барша тұрғындарды ортақ іске жұмылуға шақырып отыр.
Оқи отырыңыз: Алматыда «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын жүзеге асыру бойынша іс-қимыл жоспары бекітілді