Қызылорда облысында киік атқан күдіктілер ұсталды

Тексеру барысында автомобиль ішінен 39 жануардың өлексесі анықталған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қызылорда облысында 120-дан астам киікті атқан күдіктілер ұсталды. Полиция қызметкерлері қала орталығындағы көшелердің бірінде күмән туғызған Volkswagen Crafter көлігін тоқтатқан, деп хабарлайды Almaty.tv.

Тексеру барысында автомобиль ішінен 39 жануардың өлексесі анықталған. Одан бөлек, күдіктілердің бірінің үйінен тағы да 84 бас киік табылған. Іске қатысы бар делінген азаматтар уақытша ұстау абақтысына қамалып, тергеп-тексеріліп жатыр.

 «Тексеру барысында көлік ішінен 39 дана киікке ұқсайтын жануардың өлі денесі анықталған. Дәл осындай 84 өлексе күдіктілердің бірінің үйінде, 14 дана бас бөліктері және 6 дана терісі анықталды. Облыстың 3 күдікті тұлғасы анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайлары анықталуда, – деді Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Серік Тоқтыбаев.

Оқи отырыңыз: Жалған құжат: Бейнеу ауданында мұғалімдерге айыппұл салынды

 

 

Новости партнеров