Облыстық прокуратура өзге тұлғалардың қатысы бар екенін анықталып жатыр
Қызылордада қосымша білім беру орталығының бас есепшісі жеке шотына 50 миллион теңге аударды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Облыстық прокуратура бюджет қаражатын жұмсаудың заңдылығы мен тиімділігіне талдау жүргізіп, бас есепші тергеліп жатыр. 36 жастағы күдіктіге «мектеп қызметкерлерінің жалақысы мен іс-сапарлық қаражаттарының есебінен қомақты қаржыны есепшотына негізсіз аударды» деген айып тағылған.
"Қазіргі таңда біз есепшінің аударғанын анықтадық, өзге тұлғалардың қатысы бар екенін анықталып жатыр. Бюджет қаражатын жымқыру фактілері бойынша Қылмыстық кодекстің 189-бабымен 4-бөлігінің 2-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды. Қазіргі таңда тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Өзге ақпарат заңнама талаптарына сәйкес жарияланбайды", – деді облыс прокурорының аға көмекшісі Дінахмет Байкенже.
Оқи отырыңыз: ҚМА Перизат Қайрат ісіндегі жаңа деректерді жария етті