Әлеуметтік желіде заңсыз ұтыс ұйымдастырғандар қалай жазаланды

31.01.2025 14:36

Қазір Қазақстанда блогерлердің көбі аудитория тарту үшін әртүрлі ұтыс ұйымдастырып тұрады

Adi Goldstein/unsplash.com/

Былтыр Қазақстанда 101 жеке тұлға әртүрлі орындарда құмар ойын өткізгені үшін 43 млн теңге көлемінде айыппұл төлеген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Rýhy агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы бүгін Туризм және спорт министрлігінің алқа мәжілісінде туризм және спорт министрінің орынбасары Мирас Төлебаев мәлім етті. Ол өз сөзінде әлеуметтік желіде ешкім ұтыс өткізе алмайды дегенді алға тартты.

Айта кетейік, қазір Қазақстанда блогерлердің көбі аудитория тарту үшін әртүрлі ұтыс ұйымдастырып тұрады.

«2024 жылы Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті 7 букмекерлік кеңсеге, 3 ойын автоматтары залына және 1 казиноға, лотерея операторына тексеріс жүргізді. Тексеріс қорытындысы бойынша, 1 букмекер лицензиядан айырылды, 4 букмекерге, 2 ойын автоматтары залына және лотерея операторына 8 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. 101 жеке тұлға жауапкершілікке тартылып, 43 млн теңгеге көлемінде айыппұл төледі. Заңсыз лотереяны ұйымдастырудың 40 фактісі бойынша материалдар жинақталуда. Елімізде лотереяны «Сәтті жұлдыз» компаниясы ғана ұйымдастыруға құқылы. Әлеуметтік желілердегі ұтыстардың барлығы да заңсыз», - деді ол.

Оқи отырыңыз: Еліміздің 8 қаласында футбол стадиондары салынады