Алдымен артық немесе қате төленген сомаларды қайтару туралы өтініш жазасыз
Егер сіз міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жарнасын артық төлеп қойсаңыз немесе белгілі бір себептерге байланысты оны қайтарғыңыз келсе, онда бұл қаражатты қайтарудың заңды жолдары бар, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Массагет.кз-ке сілтеме жасап.
МӘМС жарнасын қайтаруға мынандай азаматтар өтініш бере алады:
Өтініш дайындау: "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына артық немесе қате төленген сомаларды қайтару туралы өтініш жазыңыз. Өтінішке төлемді растайтын құжаттарды (мысалы, түбіртектердің көшірмелері) қоса тіркеңіз. Өтініш үлгісін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының ресми сайтынан алуға болады.
Құжаттарды тапсыру: Дайындалған өтініш пен қосымша құжаттарды "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының жергілікті бөлімшесіне тапсырыңыз.
Өтінішті қарау мерзімі: Өтінішті қарау мерзімі 15 жұмыс күнінен аспайды. Ақша төлем жасалған тәсілмен қайтарылады.
Ескерту: Егер өтінішті жұмыс беруші берсе, пайдасына жарналар жүргізілген жеке тұлғадан сомаларды қайтаруға келісім беру туралы өтініш талап етіледі.
Оқи отырыңыз: Несиені уақытында төлей алмасаңыз не істеу керек