Мәжіліс әділетті Қазақстан құру қағидаттарына негізделген резолюция қабылдады

Депутаттар аталған ұсынысты бірауыздан қолдады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мәжіліс «Әділетті Қазақстан құру» қағидаттарына негізделген резолюцияны қабылдады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Төменгі палата төрағасы Ерлан Қошанов елдегі барлық прогрессивті қоғамдық-саяси күштерді Мемлекет басшысының төңірегіне топтасуға шақырып, қарар қабылдауды ұсынды. Құжатта Қазақстан 3 жыл бұрын жаңғыру мен әділетті қоғам құру жолын таңдағаны жазылған. Президент мемлекетті нығайтып, азаматтардың құқығы мен мүмкіндіктерін кеңейтетін ауқымды саяси жаңғыру бағдарламасын қолға алған. Мемлекет басшысы елді басқарудың қоғаммен келісімге бағытталған жаңа моделін негіздеп берді. Депутаттар аталған ұсынысты бірауыздан қолдады.

«Үш жылдың ішінде билік тармақтарының бәрі толықтай жаңарып-жаңғырды. Конституциялық референдум, Президент және Парламент сайлауы өтті. Бұл өзгерістер президенттік институттан басталды. Суперпрезиденттік басқару жүйесі шектелді. Президент ешқандай партияға мүше болмайды. Жақын туыстарының жоғары лауазымды қызмет атқаруына тыйым салынды. Мемлекет басшысының жеке бастамасымен Конституцияға бір реттік, жеті жылдық мерзім қағидасы енгізілді. Бұл болашақта биліктің бір қолға шоғырлануына жол бермейтін заңды тетік болды, – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов.

Оқи отырыңыз: Министр тасқын суды су қоймаларына жинауды тапсырды

 

 

 

Новости партнеров