Майқайың кенішіндегі апат: кінәлі тұлғалардың алғашқыларына сот үкімі шықты

Павлодар облыстық ТЖД
Павлодар облыстық ТЖД

Олар атқарылған жұмысты тексерместен, қажетті құжаттарға қол қоя салған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Баянауыл аудандық соты Павлодар облыстық өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментінің бұрынғы қос қызметкеріне жаза тағайындады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Олардың бірі департаменттің мемлекеттік қадағалау бөлімінің басшысы, екіншісі бөлімнің бас маманы болып қызмет еткен. Лауазым иелері 2016 жылы «Майқайыңалтын» кәсіпорнының жерасты шахтасын тексеру барысында жіберілген салғырттық үшін жауапты деп танылған.

Аталған уақытта шахта ішіндегі бетон қоспасын төсеу ережелерінің бұзылғаны анықталғанымен, тиісті шаралар қабылданбаған. Кейін олар бетонның шын мәнінде құйылғанын тексерместен қажетті құжаттарға қол қоя салған. Бұл немқұрайлылық 2024 жылы қайғылы оқиғаға алып келген

- Сот мемлекеттік қадағалау бөлімінің бұрынғы басшысын ҚР Қылмыстық кодексінің 371-бабы 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, үш жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Ал бас маманның бас бостандығы 2 жылға шектелді. Сондай-ақ бөлім басшысы болған азамат мемлекеттік қызметте және қаржылық ұйымдарда еңбек ету құқығынан өмір бойына айрылды. Екінші айыпталушыға өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қадағалау және бақылау қызметіне байланысты лауазымдарды үш жыл бойына атқаруға тыйым салынды, – деп хабарлады Баянауыл аудандық сотының судьясы Теңлік Қадырбекова.

Атап өтерлігі, қос азамат Майқайыңдағы апатқа дейін департаменттегі жұмыстан шығып кеткен.

Еске сала кетейік, 2024 жылғы 4 қаңтарда Павлодар облысындағы Майқайың алтын кенішінде ішінде адамдар бар автобус жер астына түсіп кетті

Апат болған күні оқиға орнынан екі құтқарушының мүрдесі табылды. 

Кейін құтқарушылар топырақтың жиі қозғалуына байланысты жер қазу жұмыстарын тоқтатты. 

Ал мамыр айында Майқайың алтын кенішінде қос құтқарушыны іздеу жұмыстары қайта жанданды. 

19 шілдеде Майқайыңда алты айдан соң үшінші құтқарушының мүрдесі табылған еді. 

25 шілде күні Майқайыңдағы ойыққа түсіп кеткен автобус табылып, жердің астына түсіп кеткен соңғы адамның денесі жоғарыға шығарылды. 

Кейін Елорда соты құтқарушылардың өліміне жұмыс беруші тарап кінәлі деп таныды. 

Опат болған бір құтқарушының отбасы жұмыс берушіден 120 млн теңге өндіріп алды. 

Қыркүйек айында кеніштегі апатқа кінәлі ретінде 6 адам қамауға алынғаны туралы жазған едік.

Күдіктілер кейін үйқамаққа жіберілді. 

Кейін сот «Майқайыңалтын» кенішінде қаза болған құтқарушының ісі бойынша моралдық өтемақыны төрт есе кемітті. 

Ал 2024 жылдың соңында Павлодар облысының әкімі Майқайыңдағы апаттық үйлер тұрғындарына жаңа баспана салынатынын мәлім етті. 

Оқи отырыңыз: Петропавлда пәтерден шыққан өрттен мүгедек адам қаза тапты

Новости партнеров