Мал қырылып жатыр: Қарағанды облысында карантин енгізілді

Қарқаралы ауданына қарасты Мартбек Мамыраев ауылдық округіндегі қожалық иелерінің бірінде 80-ге жуық қой-ешкі арам қатқан

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қарағанды облысында ұсақ мал бірінен соң бірі қырылып жатыр. Қазір өңірде карантин енгізілген, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қарқаралы ауданына қарасты Мартбек Мамыраев ауылдық округіндегі қожалық иелерінің бірінде 80-ге жуық қой-ешкі арам қатқан.  Шығын тіркелгеннен кейін, облыстық ветеринариялық инспекция мамандары тек екі қойдан ғана сынама алған. Артынша олар инфекция барын анықтаған. Алайда қожалық иесі дер кезінде хабар бермегендіктен, өлген малдың барлығына зерттеу жүргізілмеген. Ақтоғай ауданында да жылқылар белгісіз аурудан қырылып жатыр. Қазір мал дәрігерлері Қамбар ата төлінен сынама алуға көшті.

«Малдардың арасында өлім-жітімін ескертпеген. Соның барлығын ескере отырып, Қарқаралы аудандық инспекция тарапынан тексеріс тағайындалды. Бүгінгі күннен тексеріс жүргізілуде. Тексеріс қорытындысы бойынша жауаптыларға әкімшілік жаза қолданылады. Ақтоғай ауданында жылқылардың өлімі бойынша, аса қауіпті ауруларға потологиялық материал алынбағанымен,  бес жылқыдан сынамалар алынды. Бүгінгі күні облыстық зертхана зерттеуінде», – деді ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің облыстық бөлім басшысы Дархан Иманбаев.

Оқи отырыңыз: Түркістанда суши жеп, уланған үш науқас жансақтау бөлімінде жатыр

Новости партнеров