Маңғыстау облысында үш адам газға уланып, жан тапсырды

25.02.2025 15:14

Қара жамылған отбасыға аудан әкімдігі тарапынан қаржылай көмек беріліп, қажетті қолдау шаралары көрсетіледі

Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданында үш адам газға уланып, жан тапсырды, деп хабарлайды Almaty.tv

Оның екеуі – жасөспірім. Оқиға орнында төрт тұрғын болған. Ал аман қалған бір азамат қазір ауруханада жатыр. Қайғылы оқиға жер үйлердің бірінде тіркелді. Алдын ала болжам бойынша, газды қолдану талаптары бұзылған. Өйткені үй иелері қазандықта от жағып, мұржаны ажыратып қойған.

Айта кетейік, қара жамылған отбасыға аудан әкімдігі тарапынан қаржылай көмек беріліп, қажетті қолдау шаралары көрсетіледі

"23 ақпан 2025 жылы Мұнайлы ауданы Атамекен ауылдық округі Қаламқас тұрғын үй массивінде 4 адамның улы газдан улануы анықталды. Оқиға орнында 3 адам қаза тапқан. Мұнайлы аудандық полиция бөлімімен қылмыстық іс қозғалып, тергеу әрекеттері жүргізілуде", – деді Мұнайлы аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Нұрсұлтан Әбдіраш.

Оқи отырыңыз: Көктемгі егіс: Үкімет резервінен 116 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді