Мектеп оқушысы итке таланды
Мектеп оқушысы итке таланды. Маңғыстау облысына қарасты Ақшұқыр ауылында 16 жастағы жасөспірімді қабаған ит қан-жоса етіп талап тастаған, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
Оқушының қолы қызыл ала қан болып, әлсіреп жатқан бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарап үлгерді. Жәбірленушіге жедел жәрдем келіп, алғашқы медициналық көмек көрсетілген. Қазір ол облыстық балалар ауруханасында жатыр.
Ал оқиға орнына жеткен ювеналдық полиция бөлімінің маманы мән-жайды анықтап, баланың ата-анасына хабар берген. Сондай-ақ иттің иесі де табылып, оған әкімшілік хаттама толтырылыпты. Азамат 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді.
"Иттің тісінің бөлімі шынтақтан төмен қарай. Екі қолында және әр жерінен ит қауып алған жарақаттарымен келіп түсті. Бала ит шабуылдаған кезде қолымен қорғанған. Сол үшін көбіне қол аймағын талап тастаған. Ал қалған дене мүшесі сау. Тек консервативтік түрде дәрі-дәрмекпен, құтырмаға қарсы антибактериалдық және вакцинациялық қарсы дәрі салынады", - деді Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының дәрігері Нұрсұлтан Нұрымов.
Оқи отырыңыз: Павлодарда өгей әке 2 жастағы сәбиді ұрып, бұғанасын сындырған