Маңғыстау облысында жедел жәрдем көлігі аударылып қалды

Tom Smeeton/unsplash.com/
Tom Smeeton/unsplash.com/

Зардап шеккендер жоқ

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Маңғыстау облысында жол апатына ұшыраған жедел жәрдем көлігі аударылып қалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Rýhy агенттігіне сілтеме жасап.

Lada.kz мәліметінше, оқыс оқиға 10 наурыз күні Жетібай-Мұнайшы тасжолында болды. Полицейлердің мәліметінше, ВАЗ көлігінің жүргізушісі жедел жәрдем көлігіне соқтығысқан. Салдарынан жедел жәрдем көлігі аударылып қалған.

«ВАЗ жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Зардап шеккендер жоқ», - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз: 5 облыста республикалық маңызы бар жолда көлік қозғалысы шектелді

Новости партнеров