Шенеуніктер бұл шаруаға ашық конкурс арқылы екі бірдей компанияны тартыпты
Биыл Атырауда маза бермейтін масамен күрес ерте басталды. Оған бюджеттен 244 млн теңге бөлінген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Қалада жазғы кештерде халықтың мазасын алатын масалармен күрес басталып кетті. Жағдайды былтырғы көктемгі су тасқыны қиындатқан. Соңғы кезде халық жәндіктердің шамадан тыс көбейгенін айтады. Олар «қыруар қаржы бөлінсе де, дезинсекциялау жұмыстарын көріп жатқан жоқпыз» деп налиды.
«Жұмыс басталып, басталмағанын көрмедім», – деді қала тұрғыны
«Қаржы бөлінгенін естідік, бірақ жұмыстың атқарылып жатқанын көрмедік», – деді қала тұрғыны.
Ауа райының күрт жылынуына байланысты масамен күрес жұмыстары ерте басталды. Шенеуніктер бұл шаруаға ашық конкурс арқылы екі бірдей компанияны тартыпты.
«Қала аумағын екіге бөлдік. Ашық конкурс жарияладық. Жеңімпаздар анықталды. Бірі 99 млн теңгеге қаланың оң жағын, екінші мердігер 93 млн теңгеге сол жақ жағалауды масадан тазарттады. Аталған қос мекеме жұмысты сәуірден бастады. Көпқабатты тұрғын үйлер мен саябақтарды улауға білек сыбана кірісті», – деді ТҮКШ және Тұрғын үй инспекциясының бас маманы Елтай Айбатов.
Қала әкімдігі масаны улау жұмыстарына былтырғыдан 2 есе көп қаржы бөлген. Алдымен көпқабатты үйдің жертөлелері мен Жайықтың жағасы, сосын саябақтар дезинсекцияланбақ.
Жұлдыз Қайратқызы, Атыраудан
Оқи отырыңыз: ҰБТ-ға өтініш беру мерзімі жарияланды