Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы әуежайында адамды кепілге алу жағдайы жөнінде хабардар
Алматы әуежайын дүрліктірген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қоңыр кеудеше киген жігіт күдіктіге қарсы шығып, өмірін қатерге тігу нағыз ерлік.
Ақорда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы әуежайында адамды кепілге алу жағдайы жөнінде хабардар екенін мәлімдеді.
"Президент қылмыскердің суық қаруын тартып алып, ұстауға көмектескен ер адамның батылдығын ерекше атап өтіп, аталған азаматты мемлекеттік наградаға ұсынуды тапсырды", - делінген хабарламада.
Еске салайық. Алматы халықаралық әуежайының мәліметінше, оқиға бүгін 11:45–те болған. Ішкі рейстер терминалында ер адам жолаушы ретінде ұшу алдындағы тексеру аймағына барған. Авиациялық қауіпсіздік қызметкерлері ер адамнан құжаттарды көрсетуді сұраған, ал ол әуежай қызметкерін шашынан ұстап, пышақпен қорқытқан,