Конкурс адамдардың қатысуынсыз өтеді
Биыл жаңа Мемлекеттік сатып алу туралы заң қолданысқа енгізілгелі жұмыс жеңілдей түсті. Рейтингтік балдық жүйе жетілдіріліп, конкурс мерзімі едәуір қысқарған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қаржы вице-министрі заң шеңберінде отандық тауар өндірушілеріне де көбірек қолдау көрсетілетінін жеткізді. Нақтырақ айтсақ, кәсіпкерлерге 30 пайыз аванс беріледі және айыппұл азаяды. Ал мемлекеттік сатып алу адамдардың қатысуынсыз өтеді. Яғни жеңімпаз автоматты түрде анықталады.
«Рейтингтік балдық жүйе былтырда қолданылды. Бірақ биыл жүйені біз жетілдірдік. Бұл жүйе бойынша құрылыс, жобалау, техникалық қадағалау жұмыстары сатып алынады. Жеңімпазды айқындау 5 күн ішінде жүзеге асырылады. Конкурстық комиссия құрылмайды. Яғни адами фактор жоқ. Дерек көздері автоматты түрде біздің дереккөздерді қолдану арқылы жеңімпаз анықталады», – деді ҚР Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейіл.
Оқи отырыңыз: Жасанды интеллект: министрлік өкілі елімізге суперкомпьютер не үшін керек екенін түсіндірді