Оның басым бөлігі Алматы қаласы мен Жамбыл облысында тіркелген
Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдеуінше, соңғы уақытта отшашудан 63 адам жарақат алған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оның басым бөлігі Алматы қаласы мен Жамбыл облысында тіркелген. Ал Ақмола, Қызылорда, Атырау, Алматы, Абай облыстары мен Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында бір-бір адамнан дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Барлығы 12 адам ауруханаға жатқызды. Оның 20-сы балалар. Зардап шеккендерге көз жарақаты, көз қабыршығы күйіктері, қол күйіктері диагнозы қойылған. Сондай-ақ бір науқас ішінен жарақат алып, қазір медициналық мекемеде ем қабылдап жатыр.
Оқи отырыңыз: 2025 жылдан бастап қандай медициналық анықтамалар электронды форматқа көшеді