Метапневмовирус: аурудың алдын алу үшін не істеу керек

Almaty.tv
Almaty.tv
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қытайда тараған метапневмовирус Қазақстанда да тіркелді. Отыздан аса отандасымыз жұқпалы індеттің ілмегіне іліккен. Еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі көпшілікті абай болуға шақырады. Адам көп жиналатын орындарға, жабық үй-жайларға баруды шектеуге кеңес береді. Метапневмовирус кімдер үшін қауіпті? Одан қалай сақтану керек? Бұл сауалдарға «Алматы» телеарансының студия қонағы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының профессоры Жұмабек Бекенов жауап береді.

– Жұмабек Елтекұлы, метапневмовирустың алғашқы белгілері қандай?

"Метапневмовирус жіті респираторлық вирустық инфекцияның классикалық бір түрі болып табылады. Бұл аса қауіпті ауруға жатпайды. Аурудың алғашқы белгілері жөтел пайда болады, тамақтың аурады, температураның көтеріліп, мұрын бітеліп, су ағады".

– Метапневмовирус кімдер үшін аса қауіпті?

"Дені сау, иммунитеті түзу адамдарда метапневмовирус орташа және жеңіл түрде өтеді. Бұны ерекше бөліп айтатын болсақ, 5 жасқа дейінгі балаларда егде адамдарда өте ауыр өтеді. Өйткені,  иммунитет әлсіз. Жұқпалы аурудың созылмалы түрі болса,  организмге ауыртпалық келтіріп, негізгі ауруларынның қозып кетуіне жағдай жасайды. Метапневмовирус осы тұрғыда қауіпті".

– Министрлік «метапневмовирустың нақты емі жоқ» деп ақпарат тартты. Сонда ем-дом қалай жүргізіледі? Аурудың алдын алу үшін не істеу керек?

"Вирустық аурулар сияқты метопневмовирусқа қарсы арнайы ем жоқ. Адам организміне терапиялық ем-дом жүргізіледі.  Адамдар иммунитетін көтеру үшін жақсы тамақтанып, таза ауада қыдырып, денсаулығын күтуі керек".

Оқи отырыңыз: Аязда бетті қалай қорғауға болады

Новости партнеров