Микроқаржы ұйымымен арадағы дауды сотқа жеткізбей қалай шешуге болады

06.03.2025 14:02

Микроқаржы омбудсманы – дауларды ақысыз қарайтын тәуелсіз тұлға

Almaty.tv

 Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі микроқаржы ұйымымен микрокредитке қарсы дау туындаса, микроқаржы омбудсманына жүгіне алатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Микроқаржы омбудсманы – бұл қарыз алушылар мен МҚҰ-ға өзара тиімді шешім табуға көмектесетін, дауларды ақысыз қарайтын тәуелсіз тұлға. Ол тараптардың құқықтарын қорғайды, дауларды шешуге жәрдемдеседі және микроқаржы нарығындағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді.

Ол mfombudsman.kz ресми сайт арқылы өтініш жазуға болады. Жеке басын куәландыратын құжат, микрокредит шарты, өтеу кестесі, қосымша келісімдер, микроқаржы ұйымына немесе талап қою құқығы берілген тұлғаға жазылған өтініштер және олардың жауаптары, жеке деректерді өңдеуге және несие есебін алуға келісім сияқты құжаттар қажет.

Еске сала кетсек, Қазақстанда микроқаржы омбудсманы институты 2024 жылдың 21 желтоқсанында енгізілген. Омбудсманның шешімі МҚҰ үшін міндетті болып саналады.

Оқи отырыңыз: Қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар салымшылардың 50 млн теңгесін алып кеткен