Милад Карими Әлем кубогы кезеңінің финалына бірінші орынмен шықты

06.03.2025 20:03

Финалдық кезең 8 наурызда басталады

Eduardo Cano / Unsplash

Гимнаст Милад Карими Бакуде өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінің финалына бірінші орынмен шықты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Оlympic.kz-ке сілтеме жасап

Бакуде (Әзірбайжан) Әлем кубогының кезеңі басталды. Финалға Қазақстан құрамасынан үш спортшы шықты.

Қазіргі уақытқа дейін қоссырық пен еркін жаттығулар бойынша іріктеу кезеңі өтті.

«Еркін жаттығуда сәтті өнер көрсеткен Милад Карими финалға бірінші орынмен шықты. Ол 13.833 ұпай жинады», - делінген хабарламада.

Қоссырықтағы медаль үшін Дмитрий Потанин мен Ілияс Әзізов сынға түседі. Әзізов іріктеуде үшінші орын (13.400 ұпай), ал Потанин бесінші орын (12.800 ұпай) алды.

Айта кетейік, финалдық кезең 8 наурызда басталады.

Оқи отырыңыз: Елордалық спортшылар көркем жүзуден алтын медаль жеңіп алды