Министр қай пәннің мұғалімдері әлсіз екенін айтты

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Ғани Бейсембаев мұғалімнің білім беру үдерісіндегі рөлін ерекше атап өтті

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев педагогтердің кәсіби қалыптасуындағы негізгі кезеңдерге тоқталып, педагогтердің білім беру сапасына қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Baq.kz-ке сілтеме жасап.

Министр мұғалімнің білім беру үдерісіндегі рөлін ерекше атап өтті. Оның айтуынша, педагогтің кәсіби қалыптасуы үш негізгі кезеңнен тұрады:

  • педагогикалық білім алу;
  • алғашқы жұмыс жылдарындағы бейімделу;
  • үздіксіз кәсіби даму.

Алайда министр педагогикалық білім беру сапасына қатысты сынның орынды екенін мойындады. Жоғары оқу орындарындағы даярлық деңгейінің айтарлықтай әркелкі екенін атап өткен ол, педагогтердің білімін бағалау нәтижелеріне сүйене отырып, 7 653 түлектің тек 45%-ы ғана 50%-дық шекті деңгейден өте алғанын мәлімдеді.

"Мақсатты мектептер" жобасы аясында биология, информатика, ағылшын және қазақ тілдері пәндері мұғалімдерінің әлсіз жақтары анықталды. Бұл жағдай педагогикалық жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларын дереу қайта қарау қажеттігін көрсетіп отыр, - деп айтты Ғани Бейсембаев ведомствоның кеңейтілген отырысында.

Оқи отырыңыз: 2025 жылдың ақпанында қазақстандықтар қалай демалады

Новости партнеров