Министрлік: Әйгілі саундтректер концертін ұйымдастыру үшін рұқсат алудың қажеті жоқ

Matt Botsford/unsplash.com/
Matt Botsford/unsplash.com/

Қазір Астана, Алматы сияқты қалаларда әйгілі кинотуындылардың саундтректерінен концерт ұйымдастыру сәнге айналып келеді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мәдениет және ақпарат министрлігі елде кино, мультфильм, телетоптама саундтректерінен концерт ұйымдастырудың тәртібі туарлы мәлімет берді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазір Астана, Алматы сияқты қалаларда әйгілі кинотуындылардың саундтректерінен концерт ұйымдастыру сәнге айналып келеді. Кейбір сарапшылар бұл концертті ұйымдастырушылар халықаралық авторлық құқық талаптарын сақтай бермейтінін айтады.

"Кино, мультфильм, телетоптама саундтректерінен ұйымдастырылатын концерттер коммерциялық жобалар болып есептеледі. Сонымен қатар, Қазақстанда аталған жобаларды өткізу үшін лицензия алу, ресми тіркеу қолданылмайды. Аталған жобаларды өткізу кезінде ұйымдастырушылар ҚР Авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар туралы заңын ескеру қажет. Сондай-ақ, уәкілетті орган коммерциялық концерттерді өткізіп ұйымдастыруы үшін рұқсат бермейді", - деп жазылған жауапта.

Еске салсақ, «Б. Қалдаяқованың Шәмші әлемі» қорының атқарушы директоры Ботагөз Қалдаяқова әлемге әйгілі саундтректердің концертін ұйымдастырушылар Қазақстанды халықаралық дауға душар ету мүмкін екенін айтқан еді. 

"Ғаламат ғасыр: Сүлеймен сұлтан» сериалының саундректері деген сияқты концерттер қаптап кетті ғой. Соны өткізіп жүргендердің ешқайсысы әлем жұлдыздарына, орындаушыларға авторлық сыйақы төлеп жатқан жоқ. Оның бәрі «пираттық контент». Шетелдік авторлар өз елінен бізге шағым түсірсе, аса ірі халықаралық дау болады", - дейді сарапшы.

Оқи отырыңыз: Түркістан облысында экстремистік материалдарды таратқан топ ұсталды

 

Новости партнеров