Нью-Йоркте төтенше жағдай жарияланды

Matt Palmer/unsplash.com/
Matt Palmer/unsplash.com/
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Нью-Йорк билігі қала маңындағы орман өртіне байланысты төтенше жағдай жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Лонг-Айлендте жаппай орман өртеніп жатыр. Бұнда Стивен Спилберг, Алекс Болдуин және Дженнифер Лопес сияқты атақты адамдар тұратын үйлер бар.

"Мен ауаның сапасына алаңдаймын. Қою түтіннің үлкен қауіп төндіруі мүмкін", – деді губернатор Хочул CNN-ге.

АҚШ Ұлттық гвардиясы өртпен күресу үшін төрт Blackhawk тікұшағын жіберді. Нью-Йорк штатындағы кейбір жолдар өртке байланысты жабылып, тұрғындар үйлерін тастап кетуге мәжбүр.

Өрттің нақты себебі әзірге белгісіз, бірақ жергілікті тұрғындар өрт көлік өртеніп кеткен апаттан кейін шығуы мүмкін болжам айтады. 

Оқи отырыңыз: Түркістан облысында экстремистік материалдарды таратқан топ ұсталды

Новости партнеров