Мобильдік аударымдар туралы түбегейлі шешім қашан қабылданады

30.04.2025 14:33

Вице-министр 2024 жылы жасалған аударымдардың деректерін биыл мамыр, маусым айларында алатындарын айтты

Jakub Żerdzicki/unsplash.com/

Қаржы министрінің орынбасары Ержан Біржанов мобильдік аударымдардың шегі туралы шешім жаңа Салық кодексі Сенат мақұлдауынан өткеннен кейін қабылданатынын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

"Біз жаңа салық кодексінде Ұлттық банкпен бірлесіп әрекет етуге бағытталған жаңашылдықтар енгізіп отырмыз. Депутаттар мақұлдады. Сенат кодексті мақұлдағаннан кейін Ұлттық банкпен бірлескен бұйрық жариялаймыз деп ойлаймын. Жалпы негізгі тәсілдер айқындалған. Бұған дейін де айтқанбыз. 3 ай қатарынан 100 тұлғадан аударым қабылдаса, аударымдар сомасы 12 еселенген ең төменгі айлықтан, яғни, бүгінгі өлшеммен 1 млн теңгеден асса, кәсіпкерлік әрекет болып есептеледі", — деді ол Мәжіліс кулуарында. 

Вице-министр 2024 жылы жасалған аударымдардың деректерін биыл мамыр, маусым айларында алатындарын айтты. Мобильдік аударымдар туралы нақты шешім де осы кезге дейін қабылдану керек.

Оқи отырыңыз: Ұлттық құрылтай бастамалары мен ғылым дамуы: Президент кеңесшісімен кездесуде не айтылды