Қайғылы оқиға Шымкенттің шеткі ауданы Тұранда болған
Шымкентте бірнеше күн бұрын болған қаралы жағдайға қатысты жаңа дерек жарияланды. 6 жастағы баланың өліміне байланысты өңірде аудан әкімі қызметінен босатылған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Мұны мегаполис басшысының орынбасары мәлім етті.
Еске салсақ, 12 сәуірде бірінші сынып оқушысы нәжіс толы шұңқырға құлап, көз жұмған.
«Жіберілген қателіктер үшін Қаратау ауданының әкімі жұмыстан босатылды. Ал энергетика басқармасының басшысына өзінің қызметтік міндетін дұрыс атқармағаны үшін қатаң сөгіс жарияланды. Ал қала әкімінің орынбасарына жетекшілік жасайтын сөгіс жарияланды. Біз де өзіміздің тарапымыздан кеткен қателікті мойындаймыз», – деді қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек
Айта кетейік, қайғылы оқиға Шымкенттің шеткі ауданы Тұранда болған. Балақайдың өмірін жалмаған шұңқыр бірнеше жылдан бері ашық жатқан көрінеді. Тұрғындар бұл орынның қоршалмай тұрғанына шағымданған. Тіпті ескерту белгісінің жоқ екенін айтып талай рет әкімдікке барған. Десе де, еш нәтиже болмаған. Тек баланың қазасынан кейін ғана жауапты органдар әрекет етіп, шұңқырдың бетін жапты.
Оқи отырыңыз: Әлімжеттік құрбаны: Маңғыстауда оқушы көз жұмды