Алматыда есірткі тасымалдады деп күдікке ілінген тұрғын ұсталды

Polisia.kz
Polisia.kz

Ұсталған адам "синтетиканы" интернет арқылы алғанын мойындады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Есірткіге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері есірткі заттарын сақтады және таратты деген күдікпен 34 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.

Оны тінту барысында қара изолентаға оралған ұнтақ заты бар 18 байлам табылды және тәркіленді. Ұсталған адам "синтетиканы" интернет арқылы алғанын мойындады.

"Жедел уәкілдердің айтуынша, қаскөй бұл шөпті сатуды жоспарлаған. Күдікті қамауға алынды. Аталған дерек бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасында қылмыстық іс қозғалды", - делінген хабарламада.

Бұрын хабарланғандай, 2024 жылы қалада заңсыз айналымнан 1 тоннадан астам есірткі, оның ішінде 117 келіден астам "синтетика" тәркіленді.

Есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысты барлығы 760 құқық бұзушылық анықталып, 275 шөпті сату дерегінің жолы кесілді. 23 зертхана жойылды, екі есірткі қоймасы анықталды, 105 есірткі қойып кетуші ұсталды. 

Оқи отырыңыз: Қазақстан жеңіл атлетикадан Астанада өткен әлемдік турнирде екі медаль жеңіп алды

Новости партнеров