TikTok-қа видео түсіреді: Түркістан облысында 100 жастағы қария жоспары көп екенін айтады

Видеодан кадр
Видеодан кадр

Тахира Құрманова 1925 жылы дүниеге келген

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Түркістан облысында 100 жастағы әже TikTok желісінде видео түсіріп жүр. Ақ жаулықты әже Тахира Құрманованың желідегі видеолары миллиондаған қаралым жинаған, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Қарияның әр күні минутқа дейін белгіленген екен. Таңертең келіндеріне тапсырма беріп, сосын немерелерімен TikTok желісіне видео түсіреді. Ал кешке балаларына шұлық тоқиды. Сондай-ақ әже жаңа ұрпақ тәрбиесін бәрінен де жоғары қояды.

100 жастағы қария Тахира Құрманова қозғалыста болып, өмірді сүю ең басты дүние деп санайды. 

"Өз отбасым үшін ризамын. Ең бастысы, өмірден ләззат алу, мейірімді болу және дұрыс тамақтану. Әрқашан жаңа нәрселерге ашықпын. Немерелерім маған әлеуметтік желілерді басқаруды үйретті. Бұл өте қызықты", – дейді Тахира Құрманова Otyrar телеарнасына берген сұхбатында.

Ғасыр жасаған әженің 53 немере, 80-ге жуық шөбересі бар.

TikTok жұлдызы үйіндегілерді жүзінен таниды. Себебі есімдері қиынырақ дейді.

Тахира Құрманова 1925 жылы дүниеге келген. Тігінші, сатушы жұмыстарын істеген. Зейнеткерлікке шыққан соң өзін отбасына арнауды шешкен. 

"Әрқашан мейірімді бол, ашуланба! Отбасы - бұл өмірдің бөлшегі. Менің тамаша балаларым, немерелерім, шөберелерім бар. Олар әрдайым жанымда болып, мені қолдайды. Алда әлі көп жоспарым бар! Сіздерге де соны тілеймін", – деді әже. 

Тахира Құрманова үшін отбасы – оның күші мен шабыты. Ол барлық жақындарына үлгі. Жүз жасында ол шөберелерінің тойларына қатысып, олардың балаларына күтім жасауды жоспарлап отыр. 

Оқи отырыңыз: Былтыр Алматыда автотұрақ ережесін бұзған 29 мың жүргізуші жауапқа тартылды

Новости партнеров