Алматы және Жетісу облыстарында ағза трансплантациясын күту тізімінде 222 адам тіркелген
Бүгінгі күні Алматы және Жетісу облыстарында ағза трансплантациясын күту тізімінде 222 адам тіркелген, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Baq.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасы мемлекеттік мекемесінің бас маманы Сламбек Мұқашев атап өтті.
Алматы және Жетісу облыстарында ағза трансплантациясын күту тізімінде 222 адам тіркелген, оның ішінде Алматы облысына 140 адам тиесілі. Науқастардың 86%-ы бүйрек трансплантациясын қажет етеді. Биылғы жылдың қаңтар айында ШЖҚ "Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасы" МКК мамандарымен өңірімізде алғаш рет донорлық операция сәтті жүзеге асырылды. Облыс бойынша ең жас донор болған тұрғынның жасы – 18-де, - деді Сламбек Мұқашев.
Оқи отырыңыз: Пәтеріне шектен тыс адам тіркегендерге қанша айыппұл салынады