Спектакль арқылы шығармашылық ұжым рухани құндылықтар, қазақы таным-түсінік, ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптейді
Әз-Наурыз қарсаңында Алматы мемлекеттік қуыршақ театры «Наурыз құпиясы» атты жаңа қойылым ұсынды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Спектакль арқылы шығармашылық ұжым рухани құндылықтар, қазақы таным-түсінік, ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптейді. Онда Қыдыр ата, Күн мен Түн, Тышқаннан бастап Доңызға дейінгі Жыл иелері көрерменге ұлттық ойындар мен билер көрсетіп, мейрамның мәнін айшықтайды. Қойылым бүлдіршіндерді достыққа, адалдыққа, бірлік пен ұлтжандылыққа үндейді.
«Қойылымда қазақтың күйлерін таңдап алып, биді, пластикалық шешімдерді сахнаға шығардық, – деді Алматы мемлекеттік қуыршақ театрының әртісі Шоқан Құлназаров.
«Театр жылдың әр мерекесіне тақырыптық қойылымын қойып отырады. Бұл қойылымның да мақсаты – Наурыз мейрамының нақышын , дәстүрін, халқымыздың ұлттық дәстүрін көрсету, – деді Алматы мемлекеттік қуыршақ театрының директоры Алмат Амангелді.
Оқи отырыңыз: Президенттің «Аңсаған сәби» бағдарламасы арқасында 9 мың сәби дүниеге келді