Бұл туралы Түркістан облысы Мәдениет басқармасының басшысы айтты
Түркістан облысында биыл Наурыз мейрамын 10 күн бойы атап өту жоспарланып отыр.14-23 наурыз күндері арылығында «Көрісу күні – амал мерекесі», «Қайырымдылық» сынды атаулы күндері түрлі шаралар өтеді. Бұл туралы Түркістан облысы Мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
«14 наурыз - «Көрісу күні – амал мерекесі» күні Ордабасы ауданы, Темірлан ауылындағы «Шәмші» аллеясында Түркістан облысы мен Шымкент қаласының көрісу рәсімі өтеді. Аталған шарада қос өңірдің зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, этнос өкілдері мен өнерпаздары кездесіп, көрісу күні орындалатын барлық рәсімдерді бірлесе атқаратын болады. Сондай-ақ, осы күні «Наурыз – жақсылықтың жаршысы» атауымен облыстық челленж ұйымдастырылады.
Ал 15 наурыз –«Қайырымдылық» күні ретінде аталып өтпек. Бұл күні аудан-қалаларда, ауылдарда жағдайы төмен отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көмек көрсету мақсатында қайырымдылық акциясы өтеді. Сондай-ақ «Мейірім – жүректен, қайырым – білектен» облыстық шарасы аясында қоғамның осал топтарына, соғыс, еңбек ардагерлеріне, батыр аналарға арнайы сыйлықтар тапсырылады» - деді басқарма басшысы.
16 наурыз күні «Шаңырақ» атауымен аталып, барлық мектептерде, мектептен тыс мекемелерде концерттік бағдарламалар, сәндік-қолданбалы көрмелер, жағдайы төмен отбасылардың балаларына, мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсету шаралары ұйымдастырылмақ.
17 наурыз – «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні» деген атаумен барлық мәдениет мекемелерінде ұлттық салт-дәстүрлерді жаңғыртатын сахналық көріністер ұйымдастырылады.
18 наурыз - «Ұлттық киім күні» ретінде сағат 09:00-ден бастап Түркістан облысының мемлекеттік қызметшілері ұлттық киім кию челленжін бастайды.
19 наурыз «Жаңару күні» деп аталмақ. Бұл күні барлық өңірлерде тал көшеттерін егу жұмыстары ұйымдастырылады.
Оқи отырыңыз: Президент «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» заңға қол қойды