Рамазан: Тоқаевты шет ел басшылары мен халықаралық ұйым жетекшілері құттықтады

Almaty.tv
Almaty.tv

Қазақстан Президентінің атына құттықтау жеделхаттары әлі де келіп түсіп жатыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына шет мемлекеттер басшылары мен халықаралық ұйым жетекшілерінен қасиетті Рамазан айының басталуына орай құттықтау жеделхаттары келді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысын:

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев;
Сауд Арабиясының Королі, Қос киенің сақшысы Салман бен Әбделазиз Әл Сауд;
Сауд Арабиясының Тақ мұрагері, Премьер-министрі ханзада Мұхаммед бен Салман бен Әбделазиз Әл Сауд;
БАӘ Президенті Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян, БАӘ Вице-президенті, Премьер-министрі, Дубай билеушісі Мұхаммед бен Рашид Әл Мактум;
Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейн;
Кувейт Мемлекетінің Әмірі Мишааль әл-Ахмад әл-Джабер ас-Сабах;
Кувейттің Тақ мұрагері Сабах Халид әл-Хамад Ас-Сабах;
Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ;
Мысыр Президенті Әбдел Фаттах Ас-Сиси;
Марокко Королі VI Мұхаммед;
Бахрейн Королі Хамад бен Иса Әл Халифа;
Израиль Президенті Ицхак Герцог;
Ислам ынтымақтастығы ұйымының бас хатшысы Хиссейн Брахим Таха;
ОПЕК бас хатшысы Хайсам әл-Гаис және басқалары құттықтады.

Қазақстан Президентінің атына құттықтау жеделхаттары әлі де келіп түсіп жатыр.

Оқи отырыңыз: Президент «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» заңға қол қойды

 

Новости партнеров