Оқушылар арасында XIII қысқы гимназиада қашан басталады

07.02.2025 20:54
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

2025 жылғы 10 ақпан күні оқушылар арасында XIII қысқы гимназиада басталады. ҚР Оқу-ағарту министрлігінің дерегі бойынша, спорттық шараға еліміздің барлық өңірінен 12-18 жас аралығындағы 700-ге жуық оқушы қатысады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Гимназиада сегіз спорт түрі - шаңғы жарысы, қысқы президенттік сайыс, биатлон, қысқы спорттық бағдарлау, шорт-трек, бенди (допты хоккей), шайбалы хоккей және мәнерлеп сырғанау бойынша өтеді. Барлығы 162 медаль және 15 кубок сарапқа салынады.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қыркүйекте халыққа Жолдауында салауатты ұлтты тәриелеу туралы айтты. Ол үшін елімізде бұқаралық және балалар спортын дамыту қажет. Гимназиада - бұл жәй ғана жарыс емес, нағыз таланттарды анықтауға, балалар арасында спортты насихаттауға және спортшылардың жаңа буынын қалыптастыруға бағытталған дода», - деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының бас директоры Арман Ташметов.

 Қазақстан оқушыларының XIII қысқы гимназиадасы Батыс Қазақстан облысында, Орал және Ақсай қалаларында сәуір айына дейін жалғасады.

Оқи отырыңыз: IX қысқы Азия ойындары Харбинде салтанатты түрде ашылды