IX қысқы Азия ойындары Харбинде салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан қысқы Азия ойындарында Қазақстан атынан барған спортшылардың аяқ алысы қуантады. Жарыстың ресми ашылу салтанаты бүгін болғанымен сайыстар өтіп жатыр.Шорт-тректен ел құрама спортшылары аралас эстафетадан финалға жолдама алды. Хоккейшілеріміз де өз тобында үш рет қатарынан жеңіске жетіп, бірінші орында тұр.
"Спортшылардың дайындығы өте жоғары деңгейде өтті десек болады. Осы Азияға дейін олар 40-тан астам оқу-жаттығу жиынын өткізіп, халықаралық жарысқа қатысқан. Жалпы 137 спортшы 6 спорт түрінен 10 дисциплина бойынша өнер көрсетеді", – деді ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз хатшысы Нұрғали Жұмағазы.
Харбин қаласына әріптесіміз әрі спорт сарапшысы Аслан Қаженов та барған еді. Маманның сөзінше, шорт-тректен Қазақстан спортшылары алғаш рет алтын алуға мүмкіндігі бар. Себебі 1996 жылдан бері бұл спорт түрінен бір де бір алтын бұйырмаған. Спорт сарапшысы қысқы Азия ойындарында ел үздіктердің қатарынан түспей келе жатқанын айтты.
"Қысқы Азия ойындарында коньки жарысы, шаңғы, биатлон, шаңғымен құздан сырғанау, шаңғымен секіру, шаңғымен бағдарлау бойынша тұрақты алтын алып жүрміз. Биыл да осы бағыттар бойынша алтын болатынына сенімдіміз. Хоккейден алтын күтеміз", – деді спорт сарапшысы Аслан Қаженов.
Оқи отырыңыз: Азия ойындары: Қазақстан шорт-тректен алтын медальға таласады
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!