Енді балалар республикалық іріктеу кезеңіне қатысады
Өскеменде Қазақстан Республикасы Ұлттық Дельфий ойындарының іріктеу кезеңі өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Аltainews.kz-ке сілтеме жасап.
Алтай қаласындағы «Зыряночка» үлгілі би ансамблінің қатысушылары жеңімпаз атанып, ойындардың күміс медалін иеленді.
Алдағы уақытта балалар республикалық іріктеу кезеңіне қатысады, оның жеңімпаздары Қазақстан Республикасының атынан халықаралық кезеңде өнер көрсетеді.
– Жеңістеріне қуаныштымыз және байқауда сәттілік тілейміз, – деп пікір білдірді Алтай ауданы ішкі саясат бөлімінің өкілдері.
Оқи отрыңыз: Ақтөбеде қар көлігі бұзылған жолаушыны құтқарушылар аман алып қалды